Категории
Самые читаемые

Қанжар - М-К. А. Тузелбаев

Читать онлайн Қанжар - М-К. А. Тузелбаев

Шрифт:

-
+

Интервал:

-
+

Закладка:

Сделать
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Перейти на страницу:
Ал оған бізде уақыт жетеді. Не дегенмен де, бұл жолы бәрі мен ойлағаннан да оңай болып шықты.

– Сен неге олай дейсің. Сен білесің бе, егер сен олай айтсаң, міндетті түрде бірдеңе дұрыс емес жүреді.

– Сен білесің ғой, мен ондайға сенбеймін.

– Сенсең де сенбесең де, ол бәрібір солай болады.

– Я – я. Қане, мынаны маған апаруға көмекте … – арғы жағы айтылмай қалды, себебі Дэмиан костюмнің екі қолынан көтерген кезде, оның бір қолы бөлініп кетті.

– Мүмкін емес. Мұмкін емес. МҮМКІН ЕМЕС!!! – бұл Дэмиан үшін ауыр соққы болды.

– Жарайды. Оның ішінде қандай маңызды бөлшектер бар екендігін қарауыз керек. – Вероника бәрінің ойын басқа бағытқа аударуға тырысты.

– Оның енді қандай маңызы бар. Егер саған шынымен керек болса, онда бәрін жүктеп алып, орталыққа алып кетіп ақтарсаң болады. – Дэмиан түңеліп кеткен (оны қалай жауап бергенінен байқауға болады).

– Алып кетуге болар еді, бірақ болмайды. Мен сендерге қайталап айтамын, ең алдымен сақтық керек. Бірінші кезекте бізге дыбыстық және бейне жазғыш аппараттардың жоқ екендігіне көз жеткізуіміз керек. Мен геолокациялық анықтағыш пен жарылғыш заттардың болуы мүмкін екендігін айтып отырған да жоқпын.

– Жарайды. Бірақ егер ештеңе шықпаса, онда ең көбі – уақытша орталыққа апарамыз.

– Не дегенмен де, жоқтан жақсы.

Барлығы келіскеннен кейін үш жігіт костюмді бұзуға кірісті. Нақтырақ айтқанда бұзуға тырысты. Экзокостюмнің де, роботтардың да сыртқы каркасы бір біріне өте қатты бекітілген және сыртқы беті аса төзімді болып келетін. 2 – 3 минуттан соң барлығы қол сілтеуге дайын уақытта Ардо соңғы рет бір көрейін деп фитингтерді алып, оның ұшы сиятын бір тесікке тығып, қаттырақ сілкіп жіберген де беті жайнап кете берді

– Берілгендей болды. Қане бері келіңдер, үшеулеп көрейік.

Костюмнің төс бөлігін ашқан кезде ішінен ешқайсысы ойламаған нәрсені тапты: костюмнің ішінде адамның басымен бірдей бүкіл бетінде ішімен жалғасып жатырған көпбұрышты «ыдыс» бар. Сол ыдыстың ішінде желе сияқты сұйықтық бар. Егер де оған жақсылар қарайтын болсақ, онда оның ішінде жыбырлаған құртқа ұқсайтын, бірақ құрт емес кішкентай ғана «мұрттарды» көруге болады.

– Қалай ойлайсыңдар, біздің жатғаламшарлық «қонағымыз» осы ма екен? – Дэмиан үшін осы ыдыстың ішіндегі тіршілік иесі осыған дейінгі түсірінкі көңіл – күйін көтеруге жеткілікті болып шықты.

– Шынымды айтсам, білмеймін. Бірақ, егер оларды ешкімнің әлі күнге дейін көрмегенің ескеретін болсақ, онда олардың осындай болуы мүмкін. – Ардо «оған» бір қызығушылықпен қараумен болды.

– Не болса о босын, бірақ ол өліп бара жатырғанға ұқсайды.

– Сен оны қалай біліп қойдың.

– Егер де дұрыстап қарайтын болсаңдар, онда сендер мына ашық тұрған жеріне жақын орналасқан мұрттарының өзге аумақтағыларына қарағанда басқаша әрекет жасауын көрер едіңдер. Оған қоса дәл сол аумақтағы денесі кеуіп бара жатыр. – Бекнұр топқа өзінің бақылауымен бөлісті.

– Демек оның орталыққа жетпеу өліп кетуі мүмкін екендігін ескеруіміз керек. Тіпті егер ол оған дейін өліп кетпейтін болса да, сақтықта қорлық жоқ деген бар. Қосалқы жоспарға көшуге тура келіп тұр.

Бекнұр өзінің ішкі қалтасынан кішкене бір құтыны шығарып, оның ішіндегі сұйықтықты ыдыстың ашық бөлігі арқылы ішіне құйып жіберді.

– Шынымды айтсам бұның оған соншалықты күшті әсер етеді деп ойламаған едім. Сен жазып алдың ба?

– Я.

– Онда тек оны жіберу ғана қалды. – оң жауапты естігеннен кейін Дәмианың ыйығынан тас түскендей сезінді

– Мен саған жаңа ғана не айттым. Олай айтпа! Сен не, қайтадан жамандақ болғанын қалайсың ба?!

– Олай асыра айтпашы. Бұл жерде менің кінәм жоқ. Тіпті негізі егер мен олай айтпасам да бәрі осылай болар еді. Менің сөзімнен бүкіл бір тіршілік түрінің анатомиясының әп сәтте өзгеріп кетуі мүмкін емес қой.

– Сенімдісің бе. Жарайды. Жібердің бе.

– Жіберу мүмкін емес. – Вероника камераны дорбадағы құрылғыға кабель арқылы жалғап қойған

– Мен саған не айттым. Керемет! – Ардоның бетінен «мен айттым емес пе?!» деген сөзді оқуға болады.

– Сайып келгенде, оның ешқандай қатысы жоқ. Желі шаттлға шамамен 30 метрге жақындағанда ажырап кетті. Бірақта егер мен биіктікке шығатын болсам, онда желі қайтадан қосылу керек деп санаймын.

– Жақсы. Онда шынымен де бәрі оңай болып бара жатыр.

– Тыныш. Ештеңе естіп тұрған жоқсыңдар ма? – Ардо айналасына күдікпен қарай бастады.

– Я. Мен де бірдеңе естігендей болдым. – оған Бекнұр да қосылды

– Тығылыңдар. Анда 3 робот келе жатыр. – бір кезде жоғарырақ шығып бара жатырған Вероника шаттлдың артына қарай секіріп жіберді.

– А – а. – бір кезде Дэмианның дауысы естілді. Оның оң жақ бүйіріне плазмалы оқ тиген екен. Бірақ ол бір роботты атып құлатып үлгерген болатын.

– Радиатор немесе оның орнындағы не болсада, оның біздің жақта екенімізге рахмет айтыңдар. Әйтпесе бір нақты оқ, және бәріміз аспанға ұшар едік.

– Неге бәрі мен айтқанда кері кетеді, ал сен айтқанда олай болмаймайды.

– Өйткені мен ондайға сенбеймін, ал сен сенесің. Сондықтан да сенің сөзің сондай әсер берді.

– Екеуі екі жақтан келуі мүмкін. Сондықтан да дайын болыңдар. Ардо, сен сол жақтағыны өзіңе аласың, ал мен болсам оң жақтағыны аламын. Дэмиан, сен жағдайға байланысты екеуміздің біреуімізге көмек көрсетесің.

– Неге біртүрлі тыныш болып кетті? – Ардо өзінің алдыңғы жұмысына байланысты топтың ішіндегі ең құлағы ұшқыр мүшесі болып келетін.

– Тексеріске шықпай тұра тұр. Сен білесің ғой, олар осылай бұған дейін де алдамшы қадам жасаған болатын!

– Бірақ бұл жолы ондай қадам жасай алады деп ойламаймын. – осы кезде сол жақтан адамның даусы естілді.

– Лу Хао?! Сен мұнда не істеп жүрсің? – ең бірінші болып өзіне келген Вероника болатын.

– Я, я. Мен де ерте келгеніме қуаныштымын.

– Жоқ. Мен оны айтып отырған жоқпын.

– Мен сендерге керек екенімді білдім.

– Жарайды.

– Не де болса тағы бірдеңе болмай тұрған жағдайда барлық жазбаны тездетіп жіберу керек.

Он алтыншы бөлім: Дайындық

Шаттлдың жоғалғанынан кейін 4 сағаттан кейін барлық жатғаламшарлық станциялар қорғаныс режиміне ауыса бастады, және 10 минуттан кейін барлығы ауысып бітті.

12 сағаттан кейін жер бетінен әуеге шамамен оң мың шақты ұшақ ұшып шықты. Егер атмосферада 127 қосалқы және 2 негізгі станция бар екенін ескерсек, онда әрқайсысына орта есеппен алғанда 75 – 80 ұшақтан келеді. Ұшақтардың әрқайсысы сақтандырғыш күмбезден өту үшін орнатылған МИКМАК – пен қамтамасыз етілген.

4 жыл бұрынғы оқиғадан кейін екі жақ та бір нәрсене түсінді: жатғаламшарлықтар жер тұрғындарының олар ойлағандай әлсіз емес екендігін; адамдар негізгі станциядан құтылу арқылы қалған бөлшектерден құтыла алмайтындығын.

4 жыл бұрын атмосферада жалғыз бір негізгі станциясы ғана болған болатын. 1295 ұшақты құрбандыққа сала отырып және тек бір құдай біледі тағыда қанша адамның құрбандығының көмегімен адамдар одан құтыла алды. 0,17. Бірақ бар болғаны 0,17 секунд керек болды. Барлық жатғаламшарлық техниканық қайта қосылуы үшін 0,17 секунд қажет болды. Ондай мүмкіндіктің екінші рет болуы үшін дәл сол уақытта мүмкіндіктер болмады. Бірақ ол қазіргі жағдайдың туындауына әкеліп соқты.

Қазір адамдар ондай қысқа уақыттың болуын күте алмады. Ал егер қазір негізгі орталықтың саны екеу екенін ескерсек, онда ол уақыттың алдыңғысынан кем болатынына сенімді болуға болады (егер ол уақыт болса да). Бұл 4 жыл бұрын тек жарты ғана техника істен шыққанын ескермегенде.

Әрбір ұшақта МИКМАК тан басқа ерітіндіге арналған бөлігі бар арнайы құрастырылған зымырандармен жабдықталған.

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Перейти на страницу:
На этой странице вы можете бесплатно скачать Қанжар - М-К. А. Тузелбаев торрент бесплатно.
Комментарии