Категории
Самые читаемые
Лучшие книги » Поэзия, Драматургия » Драматургия » Төңкеріс. Пиесалар - Қайыркелдi Руспаев

Төңкеріс. Пиесалар - Қайыркелдi Руспаев

Читать онлайн Төңкеріс. Пиесалар - Қайыркелдi Руспаев

Шрифт:

-
+

Интервал:

-
+

Закладка:

Сделать
1 ... 11 12 13 14 15 16 17 18 19 ... 22
Перейти на страницу:

Асқар. (бір күрсініп алып Иванға қайғылы көзімен қарайды) Эх Ваня, Ваня! Біз алданып қалыппыз. Иә, сен сияқты тәжірибесіз жас жігітке алданып қалу ғажап емес. Бірақ мына мен сияқты, оқыған, білімі толық адам да алданады екен. Енді менің де көзім ашылды. Иә, ислам діні, шариғат заңы адам баласын хайуанға айналдыр, мал қылып жібер демейді. Жоқ, ол керісінше, имандылыққа, адамгершілікке жетелеуге тиісті. Сен дұрыс айтасың – стадиондағылар кәпір емес. Олардың бәрі кәпір емес. Стадионнан тыс жерде де кәпірлер бар. Сенікіндей униформа кигендердің ішінде де, өздерін «Мен мұсылманмын!», – деп кеуделерін соғып жүргендердің ішінде де кәпірлер бар. Ал сол кәпірлер – ең қауіпті кәпір. Олар нағыз шайтанның сапалақтары. Шайтан да кейде имандылықтың киімін киіп жылтырап жүреді, адамдарды адастырады. О-о! Ол лағнет келгірдің білімі де, сұрқиялығы адам баласын есінен адастырып, ең игі ойын, пиғылын, ниетін бұрып жіберіп қатыгездікке, оңбағандыққа, зұлымдыққа апарып соқтырады. Сондықтан өте сақ болу керек.

Иван. Мен де солай ойлап едім. Сонда мен енді не істейін? Стадионға барғым келмейді. Ал бірақ мамамның мәйітін бірдеме қылып алып шығу керек, адам сияқты о дүниеге аттандыру керек. Жалпы, енді біз не істеуіміз керек? Сіз маған бір кеңес бере аласыз ба?

Халел. (бөлмеге кіріп келеді – Иван сасып қалып орнынан атып тұрады) Қорықпа, інішек, мен Асекеңнің досымын.

Иван. Ассаламү ғалайкүм…

Халел. Уағалайкүм ассалам. (екеуі қол алысып амандасады) Отыр Иван, ақылдасу керек. Менің есімім Халел. Мен бүлікшілермен күресу үшін жіберілген арнайы бөлімшенің командирімін. Мен бәрін естідім, сенің қайғыңа ортақтасам, қайырлы қаза болсын. Әрине, қазір сенің есі-дертің шешеңнің мәйіті мен қарындасыңды алып шығуда. Бірақ стадионда отырған қалған жұртты да ойлау керек. Оларды күзетіп отырған жігіттердің ішінде сен сияқты алданып қалған жандар бар шығар. Енді көбінің көзі ашылды ғой. Сол жігіттердің де бастары қатып жүрген болар. Солармен сен арқылы байланыс жасап көрсек деймін. Бірақ асығу керек. Уақыт тығыз. Таңертең біз іс-қимылға көшпекпіз. Бірақ бір мәселе бізді бөгеп тұр. Сен стадионның миналанып тасталғанын білесің бе?

Иван. Мен о жөнінде бүгін ғана естідім. Бағана стадионға болғам. Сонда кезекші күзетші айтты: Жамал тәте… ол Асекеңнің зайыбы, со кісі стадион миналанып тасталған депті. Бірақ оған ешкім сенбейді.

Халел. Сенуге тура келеді, Иван. Миналардың санын ешкім белмейді, ал оларды іске қосатын пульт шейхтың қолында. Сондықтан ол пультты қолға түсірмей, істен шығармай стадиондағыларды құтқара алмаймыз. Әрине, егер біз тұтқындарды шейхке білдірмей стадионнан шығарып алсақ… бұл, бір қарағанда, мүлдем мүмкін емес сияқты. Алайда, біз барлық мүмкіндіктерді пайдалануға тырысуымыз керек. Стадион күзетушілердің арасында сенімді достарың бар ма?

Иван. Бар ғой.

Халел. Ал, онда, Иван, кетейік. Стадионды күзетушілердің арасындағы мүлдем ақыл-есінен айырылмаған жігіттермен байланыс жасап сондағы тұтқындарды азат етіп көрейік. (Асқарға) Ал, Асеке біз кеттік. Есіңізде болсын —біз сізге ең үлкен үміт артып отырмыз. Аман сау кездескенше.

Асқар. Иә, Алла тағала аман-сау кездесуге жазсын…

Халел көмекшісімен Иванды ертіп кетеді. Асқар олардың кетісімен есікті жауып бекітіп орнына қайтып келеді. Қалтасынан тапаншаны алып шығып жан-жақты зерттеген боп қарайды.

Асқар. (өз-өзімен сөйлеседі) Сонымен мен енді жендет болдым. Мен енді адам өлтіруге тиістімін. Басқа амал жоқ дейді… иә, солай. Ал мүмкін шейх… мүмкін ол сөзге көнер? Не де болса тағы бір рет, ақырғы рет сөйлесіп көру керек. Ал содан кейін… содан кейін көнбесе. Көнбесе… содан кейін көнбесе… көнбесе… сонда… һм… (тапаншаға тағы бір рет көз тастап орнынан тұрып кетеді) Жоқ! Көндіру керек! Қалай да болса көндіру керек. Одан басқа амал жоқ!

Ұялы телефонын алып шейхтің нөмірін тере бастайды. Осы тұста есік қоңырауы тағы да шылдыр етеді. Асқар бір мезет сол жаққа қарап тұрып, содан кейін есікке беттейді. Есіктің құлыпына қолын соза бере қолындағы тапаншаны қалтасына салады. Есік ашып аңырап қарап қалады. Бөлмеге Иван кіріп келеді.

Асқар. Ваня?! Не болып қалды? (есікті жабады) Сен неге қайтып келдің? Халел қайда?

Иван. Асеке, мен бір минутке оралдым. Халел мені төменде тосып тұр. Мен… мен мана сізге келгенім… сізге келгенде…

Асқар. Ваня, саған не болған? Сабыр қыл, жаным. Жүр, орындыққа отырайықшы, сосын баппен әңгімелесейік.

Иван. Жоқ, Асеке, отыратын уақыт жоқ. Мен тек сізге бір өте маңызды жәйтті айтайын деп едім. Ол мәселе… қысқасы, Гүлнәр…

Асқар. Гүлнәр?! Онымен бірдеңе болды ма? Ол өзі аман ба?!

Иван. Жоқ… Иә, иә, аман! Ол аман-есен. Мәселе онда емес, мәселе менде. Сіз ештеңе білген жоқсыз, ал мен… біз… қысқасы – Гүлнәр екеуміз бір-бірімізді қатты ұнаттық, бір-бірімізге ғашық болдық. Иә, ол енді мені сүймейді… иә… Бірақ мен оны бұрынғыдай… иә… ал ол енді мені жек көреді. Сонда менің кінәм тек нағыз мұсылман боламын дегенімде. Мен сізден Гүлнәрдың қолын сұрайын деп жүргем, ал ол… ол маған Ислам дінін қабылдау керек деді. Сонымен міне…

Асқар. (Иванға бүкіл денесімен бұрылып) Не?! Сен Ислам дінін тек менің қызымды алу үшін ғана қабылдадың ба?! (Иван төмен қарап күрсінеді) Жо-жоқ! Мүмкін емес!

Иван. (басын көтереді) Иә, Асеке, мен бір балалық жасадым. Бірақ сіз ол үшін ашуланбаңыз. Мен бұрыннан дін жөнінде ойланып жүргем. Мен мұсылмандарды ең адал, ең әділ, ең мейірімді жандар деп есептейтінмін. Бала кезімнен сіздің үлгіңіз көз алдымда тұрды емес пе! Бала кезімнен сіздің әулие-әмбиелер, әз пайғамбарлар туралы әңгімелеріңіз, ең соңғы пайғамбарымыз Мұхаммед саллалаһу ғалейһи уәссалам мен оның сахабаларының өмірі мен істері жөнінде айтқан әңгімелеріңіз жадымда сақталып қалған-ды. Сондықтан, Гүлнәр ислам дінін қабылдау керектігін айтқанда мен бір минут та ойланбастан шешім қабылдадым. Содан бәрі жақсы болушы еді, егер… егер мына шейх кездеспегенде. Ол… ол, білмеймін не қылғанын, әйтеуір со кісімен кездесуім мұң екен, ақыл-есімнен айырылдым да қалдым. Сосын соңына қалай түсіп кеткенімді өзім де білмей қалдым.

Асқар. (бірер уақыт жігітке қарап тұрып, сосын қолын иығына салады) Өзіңді кінәлай берме, Ваня, жалғыз сен емес шейхтің арбауына тап болған.

Иван. Иә, қаншама жігіттер шейхтің соңында кете барды. Бір жағынан сіз соның жанында жүрдіңіз ғой. Сондықтан бізде еш күмән да болған жоқ.

Асқар. (ауыр күрсініп) Иә, оның маған соншама жабысқаны енді түсінікті болды…

Осы жерде есіктің қоңырауы тағы да шылдыр етеді. Имамның қолы құлыпқа созыла бергенде Иван есіктегі тесікке қарайды да оның қолын ұстап қалады.

Иван. (сыбырлап) Тоқтай тұрыңыз. Бұл кім өзі?

Имам да тесікке қарайды, сосын Иванға келесі бөлмеге тығыла тұр деп белгі береді. Иван ол бөлмеге кіріп кеткеннен кейін имам есік ашады. Шейх кіреді. Оның үстінде капюшоны бар үлкен плащ.

Ғабдуррахман. (табалдырықты аттап өтіп тоқтайды да капюшонды артқа қарай сыпырып тастайды) Ассаламү ғалайкүм, Асеке!

Асқар. Уа ғалайкүм ассалам. (шегіншектеп кетіп кідіріп қалады)

Ғабдуррахман. (бөгеліп қалып) Кіруге рұқсат па?

Асқар. Иә… иә, жоғары шығыңыз. (жоғары жаққа қарай қол сілтеп ишарат жасайды)

Ғабдуррахман. (жоғары өтіп, столдың жанында тұрған орындыққа жайғасады, есік құлыпталмай қалады) Кешіріңіз, Асеке, түн жамылып келгенімді. Бірақ, астыртын жағдай… (имамға тесірейіп қарайды да) Асеке, сізге не болған? Жүзіңіз боп-боз ғой.

Асқар. Жо… жоқ, ештеңе емес. Тек… сізді бүгін… дәл осы жерде көрем деп ойламап едім. Алайда мен де сізбен оңаша сөйлесейін деп едім.

Ғабдуррахман. Кешіріңіз, жағдай солай болды. Сізді тек үйіңізде оңаша кездестірмесем… мешітте жаныңызда әрдайым біреулер жүреді. Ал өзіме шақырайын десем… білесіз ғой – менің сарбаздарым мені ешқашан жалғыз қалтырмайды. Міне, сондықтан түнделетіп, жасырын келдім. Мен сізді ұйықтап қалған шығар деп ойладым… бірақ, сіз әлі жатпапсыз.

Асқар. Енді қайдағы ұйқы! Не ұйқы келмейді, не ас жүрмейді…

Ғабдуррахман. Асеке, сіз мені кешіріңіз. Мен сіздің үйдегі жеңгейді, қызыңыз бен ұлыңызды босатсын деп бұйрық бердім. Жаңа, осында келердің алдында стадионға жігіттерді жібердім. Менің оларды тұтқындайтын ойым жоқ еді. Ол кісі өзі, қоярда қоймай кіріпті стадионға. «Мен халықтың, отандастарымның жанына барамын, солардың тағдырымен ортақтас боламын, менің олардан жаным қадірлі емес» депті. Әрине, менің ызамның қайнағаны да бар – өзіңіз білесіз ғой, қандай сөздерді жұрттың көзінше менің бетіме басқанын. Сізді де табалап кетті ғой. Сосын ойладым, бір-екі күн отырып біраз есін жисын деп. Сіз олар үшін уайымдамаңыз – қазір олар азат етіледі. Бірақ үйіңізге қайтып келе ме – келмей ме, оны білмеймін. Мен жігіттеріме жеңгейді апар деген жеріне жеткізіп тастаңдар деп бұйырдым. Тек қана қаланың сыртына шығара алмайды – оққа ұшатын қауіп бар. Қаланы қоршап тұрған әскердің снайперлері қимылдаған, қыбырлаған адамды қағып түсіруі мүмкін. Қалада жеңгейдің туыстары, құрбылары бар ма еді? Баратын жері бар ма?

1 ... 11 12 13 14 15 16 17 18 19 ... 22
Перейти на страницу:
На этой странице вы можете бесплатно скачать Төңкеріс. Пиесалар - Қайыркелдi Руспаев торрент бесплатно.
Комментарии